2025 жылдың 16-шы мамыр күні Есік өзенінің экожүйесін қайта жандандыру мен жабайы табиғаттың қорын көбейту мақсатында жергілікті таудағы өзендер мен көлдерде мекен ететін жабайы форельдің уылдырықтарынан шыққан, 5000 дана форельдің шабақтары Есік өзеніне жіберілді. Орташа салмағы – 5 гр.
Бұл игі іске ЖШС «Балық мектеп» құрылтайшысы, КХ «MG», ЖШС «TMT Group» және ИП «KING FISH» ұйымдарының директоры Тұрсынәлі Марлен Тұрсынәліұлы демеушілік көрсетті. Бұл шара Есік көлінің су экожүйесінің жағдайын жақсартуға, сондай-ақ форель популяциясының сақталуы мен көбеюіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.