2025 жылдың 20 мамыры күні Алматы облыстық экология департаменті мен Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Талғар қаласындағы облыстық мектеп-интернаты ұйымдастырған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясындағы “Таза болса табиғат – аман болар адамзат” атты іс-шараға қатысып, табиғатты қорғауға арналған бастаманы қолдады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары ағаш отырғызып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ән, би және шығармашылық өнерлері арқылы жеткізді.