Май
21

2025 жылғы 12-15 мамыр аралығында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері теңіз деңгейінен 1 545 – 1 904 метр биіктікте орналасқан аумақта өсімдіктер әлеміне далалық зерттеулер жүргізді. Зерттеудің негізгі мақсаты – зерттелетін аумақта өсімдіктердің гүлдену фазаларын бақылау және түрлік құрамды анықтау.

Зерттеу барысында келесі өсімдік түрлері тіркелді:

  • Горчаков айдаршөбі (Хохлатка Горчакова) Corydalis gortschakovii – көктем мезгілінде гүлдейтін, таулы беткейлерде кең таралған өсімдік.
  • Кәдімгі өгейшөп (Мать-и-мачеха обыкновенная) Tussilago farfara – ерте көктемде қар ерігеннен кейін алғашқылардың бірі болып гүлдейтін көпжылдық шөптесін өсімдік.
  • Фетисов жуасы (Фетисов пиязы) Allium fetisowii  – тасты беткейлер мен жартас шөгінділерінде өсетін сирек кездесетін пияз тұқымдасы.
  • Дауыр мүйізшөбі (Ясколка даурская) Cerastium davuricum – субальпілік аймақтарды мекендейтін аласа шөптесін өсімдік.
  • Виттрок рауғашы (Ревень Виттрока) Rheum wittrockii – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек эндемиктік түр.

   Виттрок рауғашының анықталуы – зерттеулердің маңызды нәтижесі, өйткені бұл сирек кездесетін өсімдік жойылып кету қаупі бар түрлердің қатарына жатады. Өсімдіктер әлемін зерттеу – Солтүстік Тянь-Шань табиғатын және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудағы қорықтың маңызды бағыттарының бірі.