Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен Халықаралық биоалуантүрлілік күніне арналған танымдық конференция өтті.
Конференцияға еліміздегі табиғатты қорғау бағытында белсенді жұмыс атқарып жүрген «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» (АСБК) қызметкерлері мен «Aralap» ғылыми-ағартушылық жобасының кураторлары арнайы қатысып, оқушылармен табиғатты зерттеу мен қорғау тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында Азат орта мектебі, №34 мектеп-гимназиясы, №7 орта мектеп және №25 мектеп гимназиясының оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, экожүйенің тепе-теңдігін сақтау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.