Май
26

Талғар — бұл мұздықтардан бастау алатын, 3000 метрден жоғары биіктіктен ағатын өзені бар көркем әрі жасыл қала.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағы арқылы ағып өтетін Талғар өзені өзінің мөлдірлігімен және тазалығымен ерекшеленеді. Әсіресе, бұл өзеннің төменгі ағысында орналасқан тұрғындар үшін маңызы зор, себебі олар үшін Талғар — жалғыз ауыз су көзі. Осыған байланысты Алматы мемлекеттік табиғи қорығы өзенді тазарту мақсатында экологиялық акция өткізіп, сенбілік ұйымдастырды.

Нәтижесінде:

♻️1 тонна қоқыс жиналды

👤40-тан астам табиғатты сүйетін еріктілер белсенділік танытты

Ерекше алғысымызды білдіреміз:

@talgar_akimat – қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін

@propeller_tc – эко блогер, өзен жағасын тазалауға белсенді атсалысқаны үшін

@taza_talgar – эко блогер, табиғатты аялап, өзен жағасын жинауға көмектескені үшін

@depecoalmobl – экологиялық акцияны қолдап, табиғатты қорғау ісіне қосқан үлесі үшін

@talgar_jastary – белсенділік танытып, сенбілікке қатысқаны үшін

Баршаңызға үлкен рахмет!💚