Май
30

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарлардың тіршілік әрекетін зерттеу мақсатында қорық аумағына фототұзақ орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізеді.

2025 жылдың басынан бастап  Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) фототұзаққа 25 рет түскені тіркелді. Фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жүргізу жануарлардың белсенділігін, қозғалыс бағыттарын, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай бақылаулар маңызды мекендеу аумақтарын анықтауға және табиғи факторлардың популяцияға әсерін бағалауға көмектеседі. Жиналған мәліметтер ғылыми зерттеулер мен  ғылыми мақалалар дайындауға негіз болып табылады.