Июнь
03

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Экологиялық көлік” тақырыбында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында веломарафон ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — халықтың назарын экологиялық көлік түрлерінің маңыздылығына аудару және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Бүгінде әлем бойынша автокөліктерден шығатын көмірқышқыл газы (CO₂) жалпы парниктік газдардың шамамен 25%-ын құрайды. Бұл — ауа сапасының нашарлауына, жаһандық жылынуға және адам денсаулығына қауіп төндіретін негізгі факторлардың бірі. Ал велосипед — қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, денсаулыққа пайдалы көлік түрі.

Веломарафонға @velo_talgar және әртүрлі жастағы 30дан астам адам қатысып, таза ауада белсенді уақыт өткізді.

Экологиялық көлік түрін таңдаңыз — табиғатты да, денсаулығыңызды да қорғаңыз!