Борсық (лат. Meles meles) – Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында мекен етеді. Қорек талғамайды, негізгі қорегі: ұсақ кеміргіштер, құстар және олардың жұмыртқалары, жылан, кесіртке, ұсақ жәндіктер және жемістер. Азық іздеу кезінде кордондарға дейін жақын келеді.
Таң сәріде, кешке және түнде өте белсенді, бірақ жасырын тіршілік етеді. Қысқы ұйқыдан ақпан айының соңы мен наурыз айының басында оянады. Күйлеу кезеңі наурыз-маусым айлары арлығында өтеді, көп жағдайда 1-5 күшік табады.
Негізігі жаулары: қар барысы, сілеусін, қасқыр, түлкі.
2024 жылы жануарлар дүниесіне ғылыми зерттеу жүргізу барысында қорық аумағына орнатылған фототұзақтарға борсық 93 рет түсті.