Мемлекеттік инспектордың басты міндеті – Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағын қорғау, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне тұрақты бақылау жасау. Әр инспекторға бекітілген айналым аумақтарында үнемі тексеріс жүргізіп, орман өртінің алдын алу, заңсыз аңшылық пен ағаш кесуге жол бермеу – күнделікті жұмыстың бір бөлігі.
Табиғат жылнамасын жүргізу де – маңызды міндеттердің бірі. Ауа-райының өзгерісі, маусымдық құбылыстар, флора мен фаунаның белсенділігі – бәрі де бақылауда.
Мемлекеттік инспекторлардың күнделікті еңбектерінің нәтижесінде қорық аумағы жүйелі түрде тұрақты қорғалып, өсімдіктер мен жабайы аңдар үшін тыныштық күйі сақталуда.