Июль
15

2025 жылдың шілде айының 14-і күні ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне жоспарлы мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Далалық зерттеу барысында өсімдіктердің белсенді түрде жаппай гүлдегені байқалды. Бұл табиғи маусымдық құбылыс – экожүйенің тұрақтылығы мен табиғи процестердің қалыпты жүріп жатқандығының айғағы. Сонымен қатар, жабайы аңдардың өмір-тіршілігі мен мекен ету ортасын зерттеу мақсатында орнатылған 1 фототұзақ тексеріліп, флеш картасы мен қуат көздері ауыстырылды.

Зерттеу нәтижелері алдағы уақытта талданып, табиғатты қорғау шараларын жетілдіруге негіз болады.