Авг
25

Сайлаухан Аманбол – Алматы мемлекеттік табиғи қорығының Ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері.


Аманболдың негізгі жұмысы – қорық аумағындағы жабайы аңдардың тіршілігін фототұзақ арқылы бақылау. Ол жануарлардың қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын үнемі зерттеп, әр маусым сайын құрылғыларды жаңартып отырады. «Қорықтағы аңдардың тіршілігі өте қызықты. Табиғаттың әр сәті – өз алдына ерекше дүние», - дейді ол.