Сен
25

23 қыркүйек күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мамандары Нархоз университетінің Экология, Қоршаған орта және тұрақты даму білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен кездесу өткізіп, танымдық дәріс оқыды.

Студенттер Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, табиғатты қорғау шаралары және қорықтың бай биоалуантүрлілігі туралы мағлұмат алды.

Сабаққа белсенді қатысқан жастарға қорықтың сувенирлік және полиграфиялық өнімдері естелік ретінде табысталды.

Бұл кездесу жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.