Окт
06

Орақтұмсық — Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньнің биік таулы, малта тасты өзен жағалауларында мекендейтін ерекше құс.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында Шелек, Көкбұлақ, Оң және Сол Талғар өзендерінің бойында кездеседі.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

1200–3100 м биіктікте, тау өзендерінің жағасындағы малта тасты жерлерде өмір сүреді.

Сәуір–мамыр айларында 4 жұмыртқа салып, балапандарын өсіреді. Аталығы мен аналығы бірге қамқорлық жасайды.