Окт
17

2025 жылдың 14-21 қыркүйек күндері аралығында Алматы қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері және «Астана халықаралық университетінің» PhD докторанты Алемсеитова Жанылкан Кабиевна қорықтың оңтүстік шекарасына тікұшақпен бір аптаға ұшып барды.

Бір апталық далалық жұмыс кезінде қорық аумағын күзету мен рейд жұмыстары жүргізілді, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне бақылау жасалды. Ауа-райының қолайсыздығы, жаңбыр мен тұман мониторинг жүргізуге көп қиындық тудырды.