Окт
20

2025 жылдың 17 қазанында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлының атынан берілген марапаттарды Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Абилганиев Дарын Бақытжанұлы салтанатты түрде қорық қызметкерлеріне табыстап, кәсіби мерекемен құттықтады.

Табиғатты қорғау ісіне сіңірген еңбектері үшін бірқатар мамандар құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл шара қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын арттырып, табиғатты қорғау жолындағы адал қызметтеріне құрмет көрсетудің жарқын көрінісіне айналды.