Окт
20

Табиғатты қорғау – бұл тек мамандық емес, жүректен шыққан шынайы сүйіспеншілік пен үлкен жауапкершілік. Мұндай қасиет көбіне отбасылық тәрбие мен ортадан қалыптасады.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында табиғатқа деген адал қызметін бірнеше ұрпақ бойы жалғастырып келе жатқан жанұя бар – ол Баймұхановтар әулеті. Бұл отбасының әрбір мүшесі қорықты қорғап, табиғатты аялауды өмірлік миссиясына айналдырған. Осындай еңбекқор, табиғат жанашырлары барда қоршаған ортамыз аман, болашағымыз жарқын болады.

Табиғатпен үндес өмір – әр отбасының құндылығына айналсын!