Окт
23

Ілбіс, қар барысы (лат. Panthera uncia Shreber, 1775) – сүтқоректі, жыртқыш, елімізде мекен ететін мысық тұқымдастардың ішіндегі ең ірі өкілі. Сирек кездесетін түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне және әлемде жабайы табиғатта мекен ететін 12 мемлекеттің Қызыл кітабына енгізілген.

Елімізде, ілбіс 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА): Алматы, Ақсу-Жабағылы, Марқакөл қорықтары мен Іле-Алатауы, Көлсай көлдері, Алтын-Емел, Жоңғар Алатауы, Сайрам-Өгем, Катон-қарағай, Тарбағатай ұлттық табиғи парктері аумақтарында кездеседі. Қорық аумағын жүйелі түрде үздіксіз қорғау, ілбістің мекен ету ортасында тыныштық күйінің сақталуына оң ықпалын тигізіп отыр.