2025 жылдың 24 қазан күні Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар политехникалық колледжіде Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл қала» атты тренинг өтті. Іс-шараға Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің маманы Балғын Тілепалдықызы және қызметкерлері қатысып, тың ақпараттарымен бөлісті.
Тренинг барысында жастар ресурстық орталығы өз тарапынан «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген іс-шараларын таныстырса, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы бейнематериалдары арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы тәжірибелермен бөлісті. Сонымен қатар, әрбір тренингке қатысқан студенттер ағаш тұқымын отырғыза отырып, нақты іс-әрекет арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, еңбекке баулуды және туған жерді қастерлеуді жүзеге асырды.
Бұл тренингтің негізгі мақсаты — жастарға үлгі болу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, еңбек ету арқылы мағыналы іс-әрекетке тарту және туған жерге деген құрмет сезімін ояту болатын.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі