2025 жылдың қазан айының 31-і күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Оң Талғар экологиялық соқпағы бойынша №34 мектеп орманшылығының белсенді мүшелеріне танымдық экскурсия өткізілді.
Оқушыларға қорықтың бай флорасы мен фаунасы, сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар туралы қызықты мәліметтер берілді.
Экскурсияның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі