Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында маралдарды есепке алу жұмыстары өтті. Санақ көлемі — 3000 га.
Санаққа ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік инспекторлар қатысты. Жануарларды анықтау үшін 10-12 еселі дүрбілер мен дрон қолданылды.
Нәтижесінде қорық аумағында 100 марал тіркелді. Бұл — табиғи популяцияның сақталып, тұрақты дамып келе жатқанының көрсеткіші.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі