2025жылдың қараша айының 7-сі күні «Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген ғалымдар мен табиғатты қорғау саласындағы серіктестер Алматы мемлекеттік табиғи қорығына арнайы іс сапармен келді.
Қонақтар Талғар қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысып, 20 жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Сонымен қатар, қонақтар қорықтың табиғат мұражайымен танысып, экологиялық соқпақпен жүріп өтіп, қорық аумағындағы бай флорасы мен фаунасы туралы жан-жақты ақпарат алды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - биоалуантүрлілікті сақтау, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі