Алматы қорығының қызметкерлері №25 мектеп-гимназиясында Шренк шыршасын қорғау бойынша «Эко шырша» сайысын өткізді.
Сайыс барысында қорық қызметкерлері қылқанжапырақты ағаштардың түрлерін таныстырып, қорық аумағында өсетін Шренк шыршасын қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Ал оқушылар «Эко шырша» сайысында тұрмыстық қалдықтар мен экологиялық материалдардан креативті шыршалар жасады.
Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және Шренк шыршасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі