Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 14 368 га орманды алқап алып жатыр. Қыс мезгілі – табиғаттың тыныстап, жабайы жануарлардың тіршілігі баяулайтын ерекше кезеңі болып саналады. Бұл уақытта орман ішіндегі әрбір із, әрбір қозғалыс табиғаттың жасырын өмірінен сыр шертеді.
Далалық жұмыстар барысында мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер қорық аумағынан ҚР Қызыл кітабына енгізілген қар барысы мен тас сусарының іздері кездесті. 300 метр қашықтықтан 10 таутеке мен 1 маралдың табиғи ортада еркін қозғалып жүргені дүрбімен бақыланды.
Қорық аумағында жануарлар дүниесі үшін қолайлы табиғи жағдай сақталған.
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі