Қазіргі уақытта елімізде мемлекетімізді одан әрі нығайтуға, демократиялық жүйені дамытуға және қоғам құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаны жан-жақты қоғамдық талқылау жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен оның маңыздылығын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жаңа негізгі заңның басым бағыттарының қатарына: білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияларды дамыту, әділеттілік, заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру енгізілген.
Кездесу қорытындысы бойынша қорық қызметкерлері жүзеге асырылып жатқан бастамаларды қолдайтындарын білдіріп, елдің тұрақты дамуына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған құндылықтық бағдарларды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
https://bioreserve-almaty.kz/kz/zha-aly-tar/1307-konstitutsiyaly-reformany-ke-au-ymda-tal-ylau.html#sigProIdf7e0608bd5
UNESCO/MAB
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі