Ағымдағы жылдың 26 – шы қарашасында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдығына арналған “Солтүстік Тянь – Шань биоалуантүрлілігін сақтаудың қазіргі жағдайы мен мәселелері” атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Атаулы іс -шараға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшыларымен қатар, облыстық аумақтық инспекция, табиғи парктер, қорықтар, ЮНЭСКО, ҚазҰАУ , зоология институты, ботаника институты басшылары мен қызметкерлері қатысты.