Нояб
04

28- қазан күні Алматы қаласында өткізілген AFoCO Ассамблеясының 7-ші сессиясына Алматы қорығының қызметкерлері қатысты. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің өкілдері, оның ішінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Құтпанбаев Ерлан және орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Нұрпейсов Мади қатысты

Ассамблеяның 7-ші сессиясы барысында қолданыстағы жобалар аясындағы техникалық мәселелер,  сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу арқылы мүше елдердің әлеуетін арттыру мәселесі талқыланды. Айта кету керек, Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) бас кеңсесі Оңтүстік Корея астанасында орналасқан.