Март
01

Борсық (лат. Meles meles) – Алматы қорығы аумағында теңіз деңгейінен 1200-2500 метр биік аралығында аралас жапырақты орман мен қылқан жапырақты орман белдеулерінде мекен етеді.

Наурыз айында ұйқыдан оянады, ауа-райының қолайлылығына байланысты еркек борсықтар ақпан айының соңында ұйқыдан оянды. 2022 жылы жануарлар дүниесіне ғылыми зерттеу жүргізу барысында қорық аумағына орнатылған фототұзақтарға борсық 81 рет түсті.