Апр
04

2023 жылдың  27-ші наурызынан 29-ші наурыз аралығында  ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары  мемлекеттік инспекторлармен бірге қорық аумағында жабайы аңдарға санақ жүргізді.

       Санаққа ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік  инспекторлар  қатысты. Онда 10-12 еселі дүрбілерді қолданып және көз мөлшерімен жабайы аңдардың саны есепке алынды. Есепке алу жұмыстары төрт бағытта жүргізілді және 30 шақырымдай  жер  жүрілді. Осы санақ жұмыстары барысында  келесі аңдар қорық аумағында тіркелді:  марал – 72, ізімен – 2,  елік – 97, ізімен –4, таутеке – 104,  қоңыр аюы ізімен 4, қабан – 1, ізімен – 2,  борсық -1, ізімен – 1, қар барысы ізімен – 1,қоян – 1, қасқыр ізімен – 2,түркістан сілеусіні ізімен – 1, сақалтай – 4, бүркіт – 3, тоқылдақ – 2.