Апр
10

Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар  министрлігінің бұйрығымен бекітілген жыл сайынғы "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясының ашылу "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Талғар қаласының

Ж. Жабаев атындағы №6 орта мектебінде өтті.  «Парктер шеруі» – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) табиғат жанашырларын біріктіретін акция. Акцияға " Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық" - деген ұранмен, мектеп оқушылары , ұстаздар, Д. А. Қонаев  университетінің Талғар қаласындағы колледж студенттері, еріктілер, мемлекеттік инспекторлар қатысты.  Іс - шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, түрлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар, жас ағаш көшеттері отырғызылды.