Алматы мемлекеттік табиғи қорығы мобилография әуесқойлары үшін "Туған өлкем, маған көркем" тақырыбында шығармашылық конкурс жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
- Біздің әсем Талғар қаласы мен Іле Алатауының ерекше сұлулығын қысқа бейнероликте көрсету.
- Өскелең ұрпаққа туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Байқаудың міндеттері:
- Ұялы телефонға әсем қаламыз Талғар және Іле Алатауының сұлулығы туралы бейнебаян түсіру.
- Бейне REELS форматында болуы керек,
- Сәнді тректермен, дыбыстармен, көркем сөздермен сүйемелдеуге де рұқсат етіледі.
- Бейне кем дегенде үш локацияны көрсетуі керек,
- Уақыт (бейне ұзақтығы) 60 секундтан аспауы керек.
- Қатысушының жасы 10 жастан 17 жасқа дейін
- Жұмысқа түсіндірме жазба қоса берілуі тиіс, онда шығарманың авторы туралы мәліметтер: мектебі, сыныбы, аты-жөні көрсетілуі қажет.
- Жұмыстарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жіберілу тиіс
- Конкурсты өткізу уақыты 2023 жылғы 24 сәуірден 10 мамырға дейін. 10 мамыр сағат 15:00-де жұмыстарды қабылдау тоқтатылады.
- Байқау қорытындысын шығару және марапаттау 18 мамырда өтеді.
- Байқау жеңімпаздары UNESCO (Kazmab) дипломдарымен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады
- Үздік жұмыстар Алматы қорығының ресми сайттарына қойылады.
Назар аударыңыз!!!
Бейне тек ұялы телефонға түсірілуі керек
Бейнені Instagram парақшаңызға #korkemolkem хэштегімен жариялаймыз
Барлық сұрақтар бойынша +7 777 407 44 19 телефоны арқылы хабарласуға болады
Барлығына сәттілік!