"Монах шатқалы" - келушілер арасында үлкен сұранысқа ие Алматы қорығындағы ең көрікті жерлердің бірі. Ағымдағы жылдың қысында "Монах" шатқалында жауын-шашынның көп түсуіне және қатты желге байланысты Тянь-Шань шыршасының оннан астам ағаштары құлап, жолдың жабылуына себеп болды.
16 маусымда біз Соқпақты тазарту акциясын өткіздік . Акцияға Талғар аудандық мәслихатының депутаты Е.Игибаев , еріктілер және АМТҚ қызметкерлері қатысты. Қатысушылар табиғаттың шынайы жанашырлары ретінде күш-жігерін аямай, бірегей команда болып жолды тазартты. Біз бұған өте ризамыз. Алғысымыз шексіз.
https://bioreserve-almaty.kz/kz/zha-aly-tar/795-monakh-shat-aly-kelushiler-shin-ashy-dep-zhariyalajmyz.html#sigProId73d2342c6b