Авг
23

Алматы мемлекеттік табиғи қорық аумағында өрт шықты. Өрт түрі – жерасты (торфтық)

Өрт 2023 жылғы 22 тамызда сағат 18:15-те анықталды.

Өртті сөндіруге 36 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте, жету қиын тасты жерде орналасқан, бұл аймаққа атпен, автокөлікпен және мотоцикл техникасымен жету мүмкін емес, өйткені бұл жер жоғарғы тау бөлігі.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ – ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық 15 шақырым.

Қосымша ақпарат:

2023 жылғы 22 тамызда сағат 18:15-те оң жақ Талғар шатқалында, 7 орам, 18 телім ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік инспектор түтін анықтады. Негізгі екпелер «Шренка» шыршасы. Қазіргі таңда бықсып жанып жатыр.

Анықталған уақытты: 2023 жылдың 22 тамызы, сағат 18:15

Сөндіру: өрттің алдын алу шаршалары жүргізіліп жатыр.

Өрттің шығу себебі: – өрт ошағы шымтезек қабатына парафинді шамы бар кіші аэростат (қытай шамы) шардың құлауынан болды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазір келіп түскен ақпарат бойынша 23 тамызда сағат 08:00 өрт аумағы анықталып 0,04 га құрайды.