Авг
23

2023 жылғы 22-23 тамызда "Алматы мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында өрт салдарынан: ауданы 0,04 га (20м*20м) шымтезек жамылғысы өртенді. Орман алқабы мен жануарлар әлемі зардап шеккен жоқ. Өрт түрі – жерасты (торфтық)

Өрт өшірілген уақытты:2023 жылғы 23 тамыз сағат 12: 00

2023 жылғы 23 тамызда сағат 17:00 жағдай бойынша өрт сағат 16:43-те толығымен жойылды. Қорық қызметкерлері арасынан 5 адамнан қосымша өрт ошағын қарауылдауға жіберілді.

Өрттің шығу себебі: найзағайдың түсуі.

Зардап шеккендер жоқ. Түнгі уақытта қорық аумағы бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.