Окт
31

2023 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері қорықтың оңтүстік шекарасына мониторинг жасады. Қорық аумағын күзету мен қорғау және бақылау барысында ешқандай браконерлік фактілері тіркелген жоқ. Өзге адамдардың іздері кездескен жоқ. Бір апта бақылау жасаған уақытта: 1 ілбіс өзеннің арғы бетінен дүрбі арқылы бақыланды және одан бөлек 1 ілбістің ізі кездесті. Шелек өзені бойынан 2 Тянь-шань қоңыр аюының ізі, 8 қасқырдың ізі, 2 қабанның ізі, 2 маралдың ізі кездесті. 24 қазан күні 5 қасқыр кездесті. Әр жерден барлығы 60 Сібір тауешкісі, 20 қоян және 1 ақкіс кездесті. Құстардан: 1 бүркіт, 2 сақалтай, 8 құмай, 18 кекілік, 4 сақалды шіл кездесті.

Қорықтың оңтүстік шекарасы аймағында мемлекеттік инспекторлар уақытша тұрақтайтын жаздық үй 1953 жылы салынған. Үйдің төбесі жөндеуді қажет ететін. Осы жолы жаздық үйдің төбесі сапалы материалдармен толығымен ауыстырылды.