Нояб
16

23 қазан Халықаралық қар барысы күніне орай Алматы мемлекеттік табиғи қорығы  РММ «Қар барысын бірге сақтайық!» атты сурет салу байқауын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен өткізді.

Байқауға қатысушы оқушылар Алматы қорығының орталық кеңсесінде, қазылар алқасының бақылауымен, белгілі уақыт аралығында қар барысының суретін салды. Әр баланың салған жұмыстары өзіндік ерекшелігімен тамсандырды. Барлық жұмыстардың арасынан бес номинация бойынша іріктеліп, сыйлықтар табысталды.