Фев
09

Қорық аумағын Талғар тау жүйесі құрайтындықтан таулы аймаққа қар көп жауады.

Қысқы уақытта адам аяғы жетпейтін жерлерде қар қалың болады. 2023 жылдың 07 ақпан күні қардың биіктігін өлшеу мақсатында ғылыми қызметкер мен мемлекеттік инспектор атпен Оң Талғар өзені шатқалының «Үлкен балдырғантөрде» орналасқан қар биіктігін өлшейтін құралға барды. Қардың биіктігі 60 см болды. Қар өлшейтін құрал ашық жерге орналасқанын ескерсек, күннің көзі түспейтін жерде қардың биіктігі бұдан да биік болуы мүмкін.