Апр
02

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында құстардың 177 түрі кездеседі, оның ішінде 103 ұя салатын және 12 – і ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Бұл құстардың түрлері 18 отрядқа 47 тұқымдасқа 112 туысқа топтастырылған. Табиғи қорық аумағында ұя салатын құстар түрлері қорық аумағында кездесетін барлық құс түрлерінің 63,8 пайызын құрайды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қара дегелек (Ciconia nigra), бақалтақ қыран (Hieraaetus pennatus), бүркіт (Aguila chrusaetus), сақалтай (Gypaetus barbatus), құмай (Gyps himalayensis), бидайық (Falco pelegrinoides), лашын (Falco peredinus), орақтұмсық (Ibidorhuncha struthersii), үкі (Bubo bubo), көкқұс (Muophonus caeruleus).

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы осы күні құстарды сақтауға, олардың сирек кездесетін түрін қорғауға, құстар мекендейтін жерлерге мұқият болуға және олардың ұясын бұзбауға шақырады.