Апр
02

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат!»

«Алматы мемлекеттік табиғи қорығы” республикалық мемлекеттік мекемесі «Парктер шеруі 2024» табиғатты қорғау акциясы 1 сәуір 5 маусым аралығында өткізілетінін хабарлайды.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ‼️

Парктер шеруі бұл жыл сайын өткізілетін, қоғамдық сипаттағы Халықаралық, ауқымды табиғат қорғау акциясы, қорғалатын табиғи аумақтарды (қорықтар, ұлттық парктер мен табиғи ескерткіштер) қолдау идеясының айналасына бей-жай қарамайтын барлық адамдарды біріктіреді.

Акцияның мақсаты қоғамның ЕҚТА-ғa оң көзқарасын қалыптастыру, қоғамды қоршаған ортаны қорғау тарту және тұрғындар мен жасөспірімдердің экологиялық сауаттылығын арттыру. Отандастарымыздың санасында ұлттық байлығымыз үшін мақтаныш сезімін ояту. Экологиялық тепе – теңдік адамзаттың өмір сүруінің қажетті шарты.

Іс-шаралардың бағыты мен сипаты:

а) ақпараттық ағартушылық, немесе танымдық конференциялар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер, арнайы сабақтар, әңгімелер, Фильмдер көрсетілімдері, БАҚ-та сөз сөйлеу және т.б;

б) практикалық ағаштар мен бұталарды отырғызу және бұзылған табиғи учаскелерді қалпына келтіру, бұлақтарды тазарту және т.б;

в) зерттеушілік құнды табиғи кешендер мен аумақтардың, жасыл аймақтардың жай күйін бағалау, қоғамдық, экологиялық, мониторинг және т.б;

г) үгіт насихат жастар үгіт бригадаларының сөз сөйлеуі, қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау үшін қайырымдылық, қаражат жинау, мамандандырылған фандрайзингтік акциялар және т.б;

д) конкурстық шығармашылық, конкурстар, викториналар, олимпиадалар және т.б;

е) мерекелік көше шерулері, театрландырылған қойылымдар, фестивальдар, белсенді қатысушыларды марапаттау мен қорытынды іс-шаралары және т.б.

Акциялардың тақырыптық шектеулері бар. «Парктер шеруі» іс-шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тікелей байланысты болуы керек: олар туралы ақпараттың таралуына ықпал ету, оларга назар аударту және нақты көмек беру. “Парктер шеруі” тікелей қорғалатын табиғи аумақтар қорықтарға арналған. Акция басынан қорықтар осы мерекеде тек қонақ ретінде шақырылған.