Сәуірдің 3-і күні Алматы қорығының қызметкерлері Еуразия аграрлық колледжінің студенттерімен және балабақша балаларымен бірлесіп, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» ұранымен «Парктер шеруі-2024» акциясының ашылуын өткізді.
Саптық шерумен бастау алған акция, Ағаш көшеттерін отырғызу, көгалдандыру және айналаны тазарту жұмыстарымен жалғасын тапты. Еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, қоршаған орта жағдайына жауапкершілік сезімін ояту, табиғатқа деген жанашырлықты бойына сіңіру басты мақсатымыз.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты барлық концерттік бағдарламалар кейінге шегерілді.