Апр
19

Жыл сайын 19 сәуір күні әлемнің көптеген елдерінде дәстүрге айналған көктем мерекесі – Бәйшешек күні атап өтіледі.

Алатау бәйшешегі күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын, ауа райын талғамайтын гүл. Алатау бәйшешегі (лат. Crocus alatavicus) – құртқашаштар тұқымдасына жатады, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі бір түрі.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында көктемнің алғашқы гүлі – Алатау шафраны бұршақ жарып, қорық аумағының  күнгей беткейлерінде гүлдейді, бірақ ұзақ емес.

Ескеретін жағдай!!! Алатау бәйшешегі күннен – күнге сиреп бара жатыр, сондықтан табиғат қорғаушылары оны 2006 жылдан бері  Қызыл кітапқа  енгізген. Заңсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленеді.

Көктемде алғаш гүлдейтін гүлдердің тағы бір түрі – Колпаковский иридодиктиумы (лат. Iridodictyum kolpakowskianum), шынжыр табандар тұқымдасына жататын гүлді өсімдік. Ол Орталық Азияда кең таралған және әдетте 10-25 см биіктікке дейін жетеді. Бұл түр гүлдену үшін күн шуақты жерлерді және жақсы құрғатылған топырақты жақсы көреді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгендіктен, бұл оның табиғаттағы осал мәртебесін көрсетеді.