Май
02

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімі қызметкерлері «Парктер шеру 2024» акция аясында өткен, Талғар қаласындағы облыстық мектеп-интернатымен бірлесе «Табиғатты аялайық» акциясын өткізді.

 Оқушылар Арал теңізінің мәселесін көтеріп, адам баласының келтірген зардабын жеткізді. «Қоқыс қалдықтарының екінші өмірі» тақырыбында көрме ұйымдастырып,  табиғатымызға зиян келтіріп жатқан қалдықтарды қалай қайта пайдаға жарату жолдарымен бөлісті. Өнерлі балалар ән айтып, түрлі көріністер көрсетті.