Май
17

Таулы жене орман өрттерін сөндіруде мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында, 15.05.2024 жылы Талғар ауданы әкімінің орынбасары О.Каспакбаевтың,сондай-ақ Іле Алатау мемлекеттік табиғи паркінің және Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция органдарының, Лидер.kz волонтерлердің қатысуымен Талғар ауданы ТЖБ және Талғар қ. 2-МӨСБ, жедел медициналық жәрдем, Қазақтелеком, Талғар ауданының, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман алқабындағы өртті жою бойынша мүдделі органдар жұмылдыруымен “Өрт-2024” РКШЖ және оқу- жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға 16 бірлік техника мен 120 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, ат патрулі болды. Шартты өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-кимыл жоспарына сәйкес тау орманындағы өртті сендіру бойынша іс-қимылдар мен алгоритмдер пысықталды, от тұзағында қалган адамды кұтқару пысықталды, сондай-ақ шартты өрт ошағынын айналасындағы аумақты жырту жургізілді.