Кең байтақ еліміздің әсем табиғатының бірі, Алатаудың ажары - Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Тянь-Шань тау жүйелерінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Алатау таулы алқаптарының табиғи экожүйелерін қорғау, сақтап қалу және қалпына келтіру мақсатында 1931 жылы 16 мамырда ұйымдастырылды. Ғасырға жуық уақыт ішінде табиғи қорық елімізге табиғат қорғау жолында зор еңбегін сіңірді. Біздің басты мақсатымыз келешек ұрпаққа көркем табиғатымызды сақтап, атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту- бәріміздің қасиетті борышымыз.