2024 жылдың 14-16 мамыр аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары Сайлауханұлы Аманбол және Ізтелеу Жәнібек ғылыми жұмыстарымен Орта Талғар шатқалына барды.
Орта Талғар шатқалының Альп лагерь маңы мен Сақтар жазығында: 9 марал, 2 елік, 16 Сібір тауешкісі, 8 сұр суыр, 10 Гималай ұлары, 4 құмай, 1 кәдімгі күйкентай кездесті. Өткен жылы күзде орнатылған фототұзақтар тексеріліп, мәліметтер алынды. Орта Талғар шатқалында жағдай бірқалыпты, жануарлар үшін тыныштық күйі сақталған. Бөгде адамдардың іздері кездескен жоқ.