Июнь
14

«Парктер шеруі 2024» Халықаралық үздік табиғат қорғау акциясының жабылу  салтанаты Талғар ауданы Еңбекші ауылының №39 орта мектебінде өтті. «Табиғат сақшылары» агитбригада сайысына Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы мектептері арасынан 43 мектеп қатысып, өзара сайысқа түсті.

Оқушылар саптық шеру, ән, би, флэшмоб номинациясы бойынша сайысты. Барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. Өскелең ұрпаққа экологиялық білім беріп, экологиялық мәдениетті сіңіруде, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі орасан зор. Жылдан жылға бұл бастаманы қолдаушылар саны артуда.