Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Есік көліндегі форельді қалпына келтіру үшін бастама көтеріп, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорына (WWF) ұсыныс білдіріп, кіші грандқа қолдау таптық. Ұсыныс аясында Қарағанды облыстық экологиялық орталығы «ЭКОЦЕНТР» Қоғамдық бірлестігін ортаға алып, «Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы Есік өзенінде форельді қалпына келтіру және сақтау» тақырыбында жоба дайындалды.
Бұл жоба форельді реинтродукциялау арқылы Есік көлінің су экожүйесін қалпына келтіруге және форель популяциясының сақталуы мен көбеюіне жағдай жасайды. Арнайы жергілікті таудағы өзендерде мекен ететін жабайы форельдің уылдырықтары алынып, шабақтар өсірілді.
2024 жылдың 14-ші маусым күні орташа салмағы 7,3 гр болатын 16 000 дана форельдің шабақтары Есік көліне жіберілді.