Сен
04

2024 жылдың 19-22 тамыз күндері аралығында ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік инспекторлар Үлкен бұлақ шатқалына, Теке асуына және Орта Талғар өзені шатқалының Альплагерь маңына мониторинг жүргізді. Далалық жұмыстар кезінде

Үлкен бұлақ сайындағы фототұзақ шешілді және Альплагерь маңындағы фототұзақ тексеріліп, қуат көздері мен флеш-картасы ауыстырылды. Бақылау барысында: 14 тауешкі, 1 марал, 4 елік, 1 аю және 1 аю 2 қонжығымен, 1 сақалтай, 5 Гималай ұлары  кездесті.