Жыл сайын жаппай іс-шаралар мен отбасылық мерекелерде бүкіл ел бойынша миллиондаған әуе шарлары аспанға ұшырылады. Бұл өте әдемі және әсерлі көрінгенмен кейін не болатынын ойладыңызба? Олар жоғалып немесе буға айналып кетпейді. Ұзақ ұшудан кейін олар ең көп таралған қоқысқа айналады. Әуе шарлары мыңдаған шақырымға ұшып, табиғатымыздың ең шалғай және қол тимеген жерлерді ластайды. Бұл бізге, әсіресе жануарларға қауіп төндіреді. Әуе шарларын ауаға ұшыру таулар мен ормандарға қоқыстастағаннанда жаман.
Біз, Алматы қорығының қызметкерлері, шарларды тау беткейлері мен ағаштардан жиі көреміз. Шарлар жасалған материалды қайта өңделмейді, ол жай ғана уақыт өте шағын фрагменттерге ыдырайды және ауыз су көздеріне түскенде, көзге көрінбейтін және тазарту сүзгілері мен ұсталмайтын микробөлшектер түрінде бізге оралады. Сонымен қатар, бұл материалдар улы заттарды шығаруы мүмкін. Фольга шарлары қысқа тұйықталуға және соның салдарынан электр қуатының үзілуіне және өрттің болуына әкелуі мүмкін. Көптеген жануарлар тамақты қоқыстан ажырата алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін заттарды, резеңке, пластик, қағаз сынықтарын жұтып қоюы мүмкін. Бұл заттар ішек жолдарын бітеп, өлімге әкеледі. Сонымен қатар, шарларды байлау үшін қолданылатын жіптерге шатасып кетуі мүмкін, бұл көбінесе өлімге әкеледі. Шарларды ұшыру қоршаған ортаға, әсіресе жануарларға өте зиянды және қауіпті!