Нояб
01

2024 жылдың 1 қараша күні «Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры Ситпаева Гульнара Тоқбергенқызы мен директордың орынбасары Веселова Полина Васильевна Алматы мемлекеттік табиғи қорығының тарихында алғашқы рет өсімдіктердің зерттеу нәтижесі бойынша кадастрдың 11 кітабын сыйға берді.

Соңғы үш жылдық үздіксіз ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Алматы облысының өсімдіктер кадастры» туралы 11 еңбек жарық көрді.

Кадастр Алматы облысының аумағында кездесетін өсімдіктер әлемінің сирек кездесетін объектілерінің (жоғары сатыдағы өсімдіктер, саңырауқұлақтар, балдырлар мен қыналар) қазіргі түрлік құрамын түгендеу және олардың жай-күйін мониторингілеу қорытындылары бойынша қалыптастырылды. Ресурстық әлеуетті тиімді басқарудың ғылыми негізі ретінде табиғатты қорғау шараларына мұқтаж сирек кездесетін түрлер анықталды.

Кадастр ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі мекемелерде қызмет ететін мамандарға және әлеуетті табиғат пайдаланушыларға қажетті әдістеме бола алады.

 Алматы қорығы директоры мен ұжымының атынан Сізге және Ботаника және фитоинтродукция институты ұжымына алғысымыз шексіз. Өмірлеріңіз баянды, еңбектеріңіз жемісті, толағай табыстарыңызбен ғылыми жаңалықтарыңыз көп болсын!