2024 жылдың 4-6 қараша аралығында Алматы қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері күзгі жабайы аңдардың санағын жүргізді. Санақ, 10-12 еселі дүрбілерді қолдану және көз мөлшерімен бақылау арқылы жүргізілді.
Төрт бағытта 30 шақырымнан астам жер жүрілді. Осы санақ жұмыстары барысында қорық аумағында марал, Сібір елігі, Сібір таутекеcі, Қар барысы (ізімен), Түркістан сілеусіні (ізімен), тас сусары (ізімен) кездесті.